Python: цифрлық өнімдер жасау дағдысы

Бұл курс Python бағдарламалау тілі арқылы шынайы цифрлық өнімдер мен жобалар жасауды үйретеді. Студенттер құрғақ теориядан қашып, утилиттік бағдарламалар, Pandas арқылы деректер аналитикасы және асинхронды Telegram-боттар әзірлейді. Курс соңында әр оқушы өзінің алғашқы цифрлық өнімдерінен құралған GitHub портфолиосын…
Начальный уровень

Чему вы научитесь

  • Python-ның ішкі модульдерін (os, shutil, csv, json) қолданып, файлдық жүйені автоматтандыратын өнімдер жасауды
  • Pandas, Matplotlib және Seaborn кітапханаларымен үлкен деректерді талдап, интерактивті визуализация жасауды
  • Python-telegram-bot кітапханасы негізінде асинхронды архитектураны және пайдаланушы күйін басқаруды (State Management)
  • Нақты жобаларда кездесетін қателерді (try-except) алдын ала болжап, бағдарламаның тұрақты жұмысын қамтамасыз етуді
  • GitHub платформасымен кәсіби деңгейде жұмыс істеп, өз өнімдерін деплой жасауды (жариялауды)
  • Код сапасын бағалауды, рефлексия жасауды және жобалық шешімдер қабылдауды

О курсе

Курстың басты мақсаты — теориялық білімді нақты өмірде қолданылатын цифрлық өнімге айналдыру. Оқыту процесі сызықтық емес, Жобалық оқыту (Project-Based Learning — PBL) әдістемесіне негізделген.

Курс 3 ірі деңгейден тұрады:

  1. I деңгей (Утилиттік өнімдер): Файлдармен жұмыс және GitHub-қа алғашқы қадам.

  2. II деңгей (Аналитикалық өнімдер): Деректерді парсингтеу, тазалау және графика түрінде ұсыну.

  3. III деңгей (Интерактивті жүйелер): API-мен интеграцияланған, серверде тұрақты жұмыс істейтін Telegram-бот әзірлеу.

Курс барысында сіз жай ғана код жазуды емес, бағдарламалық өнімнің толық өмірлік циклін (идеядан деплойға дейін) бастан өткересіз. Сондай-ақ, өзара бағалау (Peer-to-Peer) жүйесі арқылы өзге студенттердің кодын талдап, командада жұмыс істеу дағдысын дамытасыз.

Для кого этот курс

Бағдарламалаудың базалық негіздерін білетін және оны нақты жобаларда қолданғысы келетін жаңадан бастаушылар. Болашақ информатика мұғалімдері мен өз сабақтарында жобалық әдістемені енгізгісі келетін педагогтар. Өздігінен ізденушілер және Python бағытында сапалы GitHub портфолиосын қалыптастырғысы келетін студенттер.

Начальные требования

  • Python тілінің ең қарапайым негіздерін (айнымалылар, циклдер, шартты операторлар) үстіртін болса да білу.

  • Компьютерде (Windows/Mac/Linux) еркін жұмыс істей алу дағдысы.

  • Жаңа цифрлық өнім жасауға деген қызығушылық пен мотивация.

Наши преподаватели

Как проходит обучение

Оқу процесі толығымен Stepik платформасында ұйымдастырылған және келесі кезеңдерді қамтиды:

  • Интерактивті материалдар: Қысқа әрі нұсқа теориялық блоктар және код жазуға арналған автоматты тексерілетін тапсырмалар.

  • Жобалық тапсырмалар: Әр деңгейдің соңында дербес цифрлық өнім (код) жасап, оны GitHub-қа жүктейсіз.

  • Peer Review (Өзара бағалау): Студенттер бірінің кодын бірі тексеріп, критикалық ойлау мен кодты ревью жасауды үйренеді.

  • Метакогнитивтік бағалау: Курс соңында рефлексия күнделігін толтыру арқылы өз ілгерілеуіңізді бағамдайсыз.

Программа курса

загружаем...

Что вы получаете

  • Сұранысқа ие кітапханалармен (Pandas, Asyncio, python-telegram-bot) жұмыс істеу тәжірибесін
  • GitHub-та сауатты рәсімделген 3 дайын цифрлық жобадан тұратын портфолионы
  • Бағдарламалық өнімді жоспарлаудан бастап, оны серверге (деплой) жіберуге дейінгі толық дағдыны
  • Күрделі жүйелік қателерді өз бетінше тауып, оларды оңтайлы шешу (debugging) тәжірибесін
Price: Бесплатно

Расскажите о курсе друзьям

Price: Бесплатно