Чему вы научитесь
- Сабақ соңында оқушылар:
- * Present Continuous шағының мағынасы мен қолданылуын түсінеді;
- * Осы шақтың грамматикалық құрылымын меңгереді;
- * Болымды, болымсыз және сұраулы сөйлемдер құрастыра алады;
- * Am, is, are көмекші етістіктерін дұрыс қолданады;
- * Етістіктерге -ing жалғауын жалғауды үйренеді;
- * Күнделікті өмірде болып жатқан әрекеттерді ағылшын тілінде сипаттай алады;
- * Интерактивті тапсырмалар мен тесттер арқылы білімдерін тексере алады.
О курсе
Бұл курс ағылшын тілін A1–A2 деңгейінде меңгеріп жүрген оқушыларға арналған. Курстың негізгі тақырыбы – Present Continuous (осы шақ). Оқу барысында оқушылар осы шақтың грамматикалық құрылымымен, қолданылу ерекшеліктерімен және сөйлем құрастыру ережелерімен танысады.
Курс 4 сабақтан тұрады:
1. Present Continuous шағымен танысу.
2. Болымды және болымсыз сөйлемдер.
3. Сұраулы сөйлемдер.
4. Практикалық тапсырмалар және қорытынды тест.
Әр сабақта теориялық материалдар, мысалдар, көрнекіліктер және интерактивті тапсырмалар ұсынылады. Курстың соңында оқушылар Present Continuous шағын дұрыс қолдануды үйреніп, алған білімдерін қорытынды тест арқылы тексере алады.
Для кого этот курс
Начальные требования
Бұл курсты бастау үшін оқушылар:
* Ағылшын тіліндегі жіктеу есімдіктерін (I, you, he, she, it, we, they) білуі;
* To be етістігінің (am, is, are) қолданылуын түсінуі;
* Ағылшын тіліндегі негізгі етістіктерді білуі (read, write, play, study, cook);
* Жай сөйлем құрастырудың бастапқы дағдыларына ие болуы;
* Ағылшын тілінің бастапқы деңгейін (A1) меңгеруі қажет
Как проходит обучение
Оқу барысы келесі кезеңдерден тұрады:
1. Теорияны меңгеру – Present Continuous шағының ережелері мен қолданылуын оқу.
2. Көрнекі материалдарды қарау – суреттер, грамматикалық кестелер мен бейнесабақтар арқылы тақырыпты түсіну.
3. Практикалық тапсырмалар – алған білімді жаттығулар арқылы бекіту.
4. Тест орындау – әр сабақ соңында білімді тексеру.
5. Қорытынды бағалау – соңғы тест арқылы курсты меңгеру деңгейін анықтау.
Программа курса
В курс входят
- 4 урока
- 14 тестов
Наши преподаватели
Отзывы прошедших курс
Что вы получаете