Чему вы научитесь
- - Алкандардың, алкендердің және алкиндердің құрылысы мен гомологтық қатарын ажыратуды
- - IUPAC номенклатурасы бойынша көмірсутектерді дұрыс атап, изомерлерін құруды
- - Әрбір көмірсутек класын өнеркәсіпте және зертханада алу жолдарын білуді
- - Химиялық қасиеттерін (орынбасу, қосылып алу реакциялары, Марковников ережесі) есептер шығаруда қолдануды
- - ҰБТ-да органикалық химия бойынша кезігетін стандартты және күрделі сұрақтарға сенімді жауап беруді
О курсе
Курстың мақсаты: Мектеп оқушылары мен ҰБТ тапсырушыларға органикалық химияның ең маңызды бөлімі — қаныққан және қанықпаған көмірсутектерді (алкандар, алкендер, алкиндер) жүйелі түрде меңгерту.
Неліктен бұл курсты таңдау керек? Курс күрделі теориялық формулулалар мен реакция механизмдерін қарапайым әрі түсінікті тілде түсіндіруге бағытталған. Әр тақырып нақты мысалдармен, есеп шығару жолдарымен және бейнематериалдармен қамтылған.
Курс құрамы: Курс 3 негізгі модульден тұрады:
-
Алкандар: Қаныққан көмірсутектер, изомерия, алу әдістері және орынбасу реакциялары.
-
Алкендер: Қос байланысы бар көмірсутектер, Марковников ережесі және қосылып алу реакциялары.
-
Алкиндер: Үш байланысты жүйелер, ацетилен қатары және сапалық реакциялар.
Не істейсіз? Бейнесабақтарды көріп, теориялық конспектілерді оқып, әр модуль соңында біліміңізді тексеру үшін интерактивті тесттер мен практикалық тапсырмалар орындайсыз.
Для кого этот курс
Начальные требования
-
Бейорганикалық химияның негізгі ұғымдарын білу (валенттілік, тотығу дәрежесі, қарапайым химиялық реакция теңдеулерін құрастыру).
-
Мектептегі химия курсының 8-9 сынып бағдарламасынан хабардар болу (негізгі класс заттары мен элементтердің периодтық жүйесімен жұмыс жасай білу).
-
Жаңа білім алуға деген ынта, дәптер мен қалам (формулалар мен реакцияларды өз қолмен жазып үйрену үшін міндетті).
Как проходит обучение
Оқу процесінің сипаттамасы:
-
Бейнесабақтар: Әр тақырып бойынша күрделі теориялық формулулалар мен ережелерді қарапайым әрі түсінікті тілде түсіндіретін қысқаша бейнедәрістер.
-
Практикалық тапсырмалар мен тесттер: Әр модуль мен сабақ соңында білімді бекітуге арналған автоматты тексерілетін интерактивті тесттер және ҰБТ форматындағы сұрақтар.
-
Конспектілер: Негізгі формулалар, атаулар ережелері және реакция тізбектері жинақталған ықшам теориялық материалдар.
-
Өз қарқыныңызбен: Курсты кез келген ыңғайлы уақытта, өзіңізге ыңғайлы қарқынмен көріп, тапсырмаларды орындай аласыз.
Программа курса
В курс входят
- 10 уроков
- 14 тестов
Наши преподаватели
Что вы получаете
- - ҰБТ және емтихандарда қажет болатын терең теориялық білім мен практикалық дағдылар
- - Күрделі реакциялар мен формулаларды өмірлік мысалдар арқылы оңай түсіну мүмкіндігі
- - Әр модуль соңында білімді бекітуге арналған интерактивті тесттер мен тапсырмалар
- - Курсты сәтті аяқтағаныңызды растайтын арнайы сертификат
- - Органикалық химия есептерін қатесіз шығаруға және уақытты үнемдеуге көмектесетін дайын формулалар мен конспектілер