Чему вы научитесь
- Органикалық химияның негізгі ұғымдарын түсінесіз.
- Органикалық заттардың жіктелуін және құрылысын ажыратасыз.
- Алкандар, алкендер мен алкиндердің жалпы формулаларын меңгересіз.
- Органикалық қосылыстардың химиялық қасиеттерін түсіндіресіз.
- Химиялық реакция теңдеулерін құрастырып, есептер шығарасыз.
- Органикалық заттардың күнделікті өмірде қолданылуын білесіз.
- Тест тапсырмалары арқылы біліміңізді тексеріп, бекітесіз.
О курсе
«Органикалық химияның негіздері» курсы органикалық химияның негізгі ұғымдарын, органикалық заттардың жіктелуін және көмірсутектердің қасиеттерін меңгеруге арналған. Курс барысында алкандар, алкендер мен алкиндердің құрылысы, жалпы формулалары және химиялық реакциялары қарастырылады. Курс 5 сабақтан тұрады. Әр сабақта теориялық материалдар, химиялық реакциялардың мысалдары және білімді тексеруге арналған тест тапсырмалары берілген. Курс органикалық химия бойынша білімді жүйелеуге және химиялық реакция теңдеулерін құрастыру дағдыларын дамытуға көмектеседі.
Для кого этот курс
Начальные требования
Бастапқы талаптар:
-
Химия пәнінің негізгі ұғымдарын білу.
-
Атом құрылысы және химиялық байланыс туралы бастапқы түсінікке ие болу.
-
Көміртек, сутек, оттек, азот және хлор элементтерінің таңбаларын білу.
-
Химиялық элементтердің валенттілігін анықтай алу.
-
Химиялық формулаларды оқи және қарапайым реакция теңдеулерін жаза алу.
Как проходит обучение
Оқу Stepik платформасында онлайн форматта өтеді және төрт сабақтан тұрады. Әр сабақ теориялық материалдардан, химиялық реакциялардың мысалдарынан, суреттерден және практикалық тапсырмалардан құралады.
Оқу барысында білім алушылар органикалық химияның негізгі ұғымдарын меңгеріп, органикалық заттардың жіктелуімен, көмірсутектердің құрылысымен және олардың химиялық қасиеттерімен танысады.
Әр тақырыпты оқып болғаннан кейін білімді тексеруге арналған тест тапсырмалары мен сұрақтар орындалады. Білім алушылар сабақтарды өздеріне ыңғайлы қарқынмен өтіп, материалдарды қайталап, жіберген қателерін талдай алады.
Курстың соңында меңгерілген білім деңгейін бағалауға арналған қорытынды тестілеу өткізіледі.
Программа курса
В курс входят
- 15 уроков
- 51 тест
Наши преподаватели
Отзывы прошедших курс
Что вы получаете
- Бұл курсты аяқтағаннан кейін сіз:
- Органикалық химияның негізгі ұғымдарын меңгересіз.
- Органикалық заттардың жіктелуін түсінесіз.
- Алкандар, алкендер және алкиндердің құрылысын ажырата аласыз.
- Көмірсутектердің жалпы формулаларын анықтай аласыз.
- Органикалық заттардың химиялық қасиеттері мен реакция түрлерін үйренесіз.
- Қарапайым химиялық реакция теңдеулерін құрастыра аласыз.
- Тест тапсырмаларын орындау арқылы алған біліміңізді тексеріп, бекітесіз.