Chemagic

7–11 сынып оқушыларына: мектеп бағдарламасын жақсы меңгеріп, үлгерімін көтергісі келетіндерге, сондай-ақ емтиханға (ҰБТ, олимпиада, бақылау жұмыстары) дайындалатындарға.
Средний уровень
Аптасына 3-сағат

Чему вы научитесь

  • Химияның негізгі ұғымдары мен заңдарын нөлден бастап түсінесіз. Реакция теңдеулерін жазуды, есептер шығаруды және формулаларды жаттамай, логикамен меңгересіз. Әр тақырыптан кейін қысқа тест пен жаттығу жұмысы болады, сондықтан білім берік бекиді.

О курсе

Курстың мақсаты

Chemagic курсының мақсаты: оқушыға химияны жаттамай, түсініп оқыту. Курс химияның негізін нөлден бастап үйретіп, мектеп бағдарламасын және емтиханға қажетті білімді жүйелі түрде меңгертеді.

Неге дәл осы курсты таңдау керек?

  • Тақырыптар қарапайымнан күрделіге қарай, кезең-кезеңімен түсіндіріледі
  • Әр тақырыпқа бөлек видеосабақ пен тест бар
  • Барлығы 98 сабақ: бейорганикалық, органикалық химия және бейметаллдар теориясы бір курсқа жиналған
  • Өзіңізге ыңғайлы уақытта, өз қарқынымен оқи аласыз
  • Видеосабақты қайта-қайта қарап, түсінбеген жерді қайталауға болады

Курстан кейін не нәтиже аласыз?

  • Химияның негізгі ұғымдары мен заңдарын түсінесіз
  • Реакция теңдеулерін жазып, есеп шығаруды үйренесіз
  • Бейорганикалық және органикалық қосылыстардың қасиеттерін ажырата аласыз
  • Тест тапсыру тәжірибесі жинақталып, емтиханға сенімді дайындаласыз

Курстың ерекшеліктері

Курс видеосабақ пен тест форматында құрылған. Тесттер 15-тен 80 сұраққа дейін болады, сондықтан әр тақырып жан-жақты пысықталады. Тілі түсінікті, мысалдар көрнекі, тақырыптар бір-бірімен логикалық байланыста берілген.

Не істеу керек?

Әр тақырыпты келесі тәртіппен оқыңыз: алдымен видеосабақты көріңіз, содан кейін сол тақырып бойынша тест тапсырыңыз. Қате жіберген тақырыпқа қайта оралып, видеоны тағы көріңіз. Тест нәтижесі жақсы болғанда ғана келесі тақырыпқа өтіңіз.

Курс бөлімдері

  1. Бейорганикалық химия (50 сабақ): таза заттар мен қоспалар, жай және күрделі заттар, оксидтер, негіздер мен қышқылдар, тұздар және олардың қасиеттері.
  2. Органикалық химия (38 сабақ): органикаға кіріспе, алкандар мен циклоалкандар, алкендер, алкадиендер, алкиндер.
  3. Бейметаллдар теориясы (10 сабақ): оттегі, сутегі және су, галогендер (VII A топ), халькогендер (VI A топ), азот пен фосфор (V A топ), көміртек пен кремний (IV A топ).

Chemagic курсымен химияның сиқырын бірге ашамыз!

Для кого этот курс

7–11 сынып оқушыларына: мектеп бағдарламасын жақсы меңгеріп, үлгерімін көтергісі келетіндерге, сондай-ақ емтиханға (ҰБТ, олимпиада, бақылау жұмыстары) дайындалатындарға.

Начальные требования

Ноут керек

Как проходит обучение

Аптасына 3-рет онлайн

Программа курса

В курс входят

  • 15 уроков
  • 48 тестов
загружаем...

Наши преподаватели

Отзывы прошедших курс

5
из 5
из 1 отзыва
1 отзыв
загружаем...

Что вы получаете

  • Берік теориялық негіз. Бейорганикалық химиядан (таза заттар, оксидтер, негіздер, қышқылдар, тұздар), органикалық химиядан (алкандар, алкендер, алкадиендер, алкиндер) және бейметаллдар теориясынан (оттегі, сутегі, су, галогендер, халькогендер, азот, фосфор, көміртек, кремний) жүйелі білім.
  • Практикалық дағды. Реакция теңдеулерін жазу, заттардың қасиеттерін салыстыру, формулалар мен ұғымдарды дұрыс қолдану.
  • Тест тапсыру тәжірибесі. Әр тақырып бойынша 15-тен 80 сұраққа дейінгі тесттер болғандықтан, оқушы көптеген тапсырма түрін шешіп, емтиханға (ҰБТ, бақылау жұмыстары) дайындалады.
  • Өз білімін бақылау мүмкіндігі. Тест нәтижесі арқылы қай тақырып жақсы меңгерілгенін, қайсысын қайталау керегін көреді.
  • Икемді оқу форматы. Видеосабақты өзіне ыңғайлы уақытта, қарқынмен көріп, түсінбеген жерін қайта қарай алады.

Сколько стоит обучение

Бесплатно

Расскажите о курсе друзьям

Бесплатно