Чему вы научитесь
- Сіз не үйренесіз
- рецепция теориясының негізгі ұғымдарын (Яусс, Изер) және оларды қазақ әдебиетіне қолдануды;
- Әуезовтың бір шығармасының әртүрлі кезеңдердегі қабылдануының қалай өзгергенін;
- оқырман пікірлерін талдап, олардың негізінде қорытынды жасауды.
О курсе
Курс туралы
«Мұхтар Әуезов шығармашылығының рецепциясы» курсы әдеби шығарманың қабылдануын зерттейді. Біз автордың ниетін емес, оқырман мен мәтін арасындағы диалогты қарастырамыз.
Курс барысында Әуезовтың ерте прозасы мен «Абай жолы» романының әртүрлі дәуірлерде қалай түсінілгені талданады. Сіз рецепция теориясының негізгі ұғымдарын меңгеріп, нақты мәтіндер мен оқырман пікірлері негізінде қорытынды жасай аласыз.
Курс 7 модульден тұрады және филология, педагогика мамандықтарының студенттері мен оқытушыларына, сондай-ақ қазақ әдебиетінің қабылдану тарихына қызығатын барлық адамдарға арналған.
Неге бұл курс керек
Әдеби шығарманың мағынасы тек авторда ғана емес, оны оқитын адамда да қалыптасады. Мұхтар Әуезовтың шығармалары кеңестік кезеңде бір түрде, тәуелсіздіктен кейін басқа түрде қабылданды. Бұл айырмашылықтарды көру үшін рецепция теориясы керек.
Курс осы өзгерістерді нақты мәтіндер мен оқырман пікірлері арқылы көрсетеді. Сіз тек фактілерді емес, мәтіннің әртүрлі дәуірлерде қалай «сөйлегенін» түсінесіз.
Өзектілігі
Мұхтар Әуезов шығармашылығы қазақ әдебиетінің канонына енгенімен, оның қабылдану тарихы әлі де толық зерттелмеген. Кеңестік кезеңдегі ресми түсіндірмелер мен қазіргі оқырмандардың пікірлері арасында елеулі айырмашылықтар бар. Бұл айырмашылықтарды жүйелі түрде қарастыру қажеттілігі туындайды.
Рецепция теориясы (Яусс, Изер) осындай өзгерістерді түсіндіруге мүмкіндік береді. Курс осы теориялық негізді нақты мәтіндерге («Қорғансыздың күні», «Көксерек», «Абай жолы» және т.б.) қолдана отырып, әдеби шығарманың мағынасы дәуір мен оқырманға байланысты қалай өзгеретінін көрсетеді.
Қазіргі уақытта цифрлық платформалар мен ЖАОК арқылы оқырмандардың пікірлерін жинау мүмкіндігі пайда болды. Бұл курс осы жаңа деректерді де пайдаланады және филология, педагогика саласындағы мамандарға, сондай-ақ қазақ әдебиетіне қызығатын барлық адамдарға өзекті білім береді.
Для кого этот курс
Начальные требования
Бастапқы талаптар
Курсқа қатысу үшін арнайы дайындық қажет емес.
- Қазақ тілін меңгеру (бейнелер мен мәтіндер осы тілде).
- Әдебиетке деген қызығушылық.
- Рецепция теориясымен алдын ала танысу міндетті емес — негізгі ұғымдар курс барысында түсіндіріледі.
Техникалық талаптар: интернетке қосылу, бейнелерді көру мүмкіндігі (компьютер, планшет немесе телефон).
Как проходит обучение
Оқыту қалай өтеді
Курс асинхронды форматта өтеді. Сіз материалды өз қарқыныңызбен меңгересіз.
Әр модуль мыналардан тұрады:
- автормен қысқа дәріс (3 минутқа жуық);
- слайдтар мен мәтіндік материал;
- қысқа тапсырма;
- қажет болған жағдайда форумда талқылау.
Барлық дәріс пен мәтіндер қазақ тілінде. Тапсырмаларды орындау мерзімі шектелмеген. Курс соңында қорытынды тапсырма бар.
Платформада (Moodle, Stepik немесе басқа) барлық материалдар бір жерде жинақталған. Прогресс автоматты түрде сақталады.
Программа курса
В курс входят
- 7 уроков
- 18минут видео
- 7 тестов
Отзывы прошедших курс
Что вы получаете
- Сіз не аласыз
- 7 модуль бойынша автормен дәріс пен мәтіндік материалдар.
- Рецепция теориясының негізгі ұғымдарын түсіндіру дағдысы.
- Әуезов шығармаларының әртүрлі дәуірлердегі қабылдануын салыстыру тәжірибесі.
- Оқырман пікірлерін талдау және қорытынды жасау дағдысы.
- Курс соңында сертификат (платформада қарастырылған болса).
- Барлық материалдар курс аяқталғаннан кейін де қолжетімді болып қалады.