О курсе
«Экология» курсы ауа ластану мәселесін Алматы қаласы мысалында қарастырады. Алайда алдағы уақытта курс қосымша ақпаратпен толығып, басқа да өзекті экология мәселелерін қамтитын болады.
Курс спикері — эколог, PhD, “Биосфера экологиясы” физика-химиялық зерттеу әдістері мен сараптама орталығының зертхана меңгерушісі, Әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ постдокторанты Насиба Байматова.
Насибаның ғылыми қызметі аналитикалық химиямен, қоршаған орта объектілерінде улы қосылыстарды анықтаудың жаңа аналитикалық әдістерін әзірлеу және қолданумен байланысты.
Айова университетінде (Эймс қаласы, АҚШ) өткен үш тағылымдама аясында Насиба профессор Яцек Козелл жетекшілігімен докторлық диссертацияның бір бөлігін аяқтады. Сонымен қатар, Насиба 30-дан астам ғылыми жарияланымның, соның ішінде Scopus және Web of Science мәліметтер базасына кіретін халықаралық ғылыми журналдарда жарық көрген 7 мақала авторы.