Дизайнға кіріспе

«Дизайнға кіріспе» — бұл сізге дизайндағы әр түрлі бағыттар бойынша толықтай ақпарат беретін курс. Бұдан бөлек, жаңа келген адам істі  қалай бастайтыны, осы сала маманы қандай дағдыға ие болуы керек екені, тұтынушымен қалай байланыс орнататыны туралы және тағы да басқа көптеген ақпарат ала аласыз.
Начальный уровень

О курсе

«Дизайнға кіріспе» — бұл сізге дизайндағы әр түрлі бағыттар бойынша толықтай ақпарат беретін курс. Бұдан бөлек, жаңа келген адам істі  қалай бастайтыны, осы сала маманы қандай дағдыға ие болуы керек екені, тұтынушымен қалай байланыс орнататыны туралы және тағы да басқа көптеген ақпарат ала аласыз.

 

Аталмыш курстың спикерлері:

  • Сати Ташиба – американдық электромобиль өндірушісі Lucid Motors компаниясының жетекші дизайнері. Бұрында бүкіл әлем бойынша 150 миллионға жуық ойыншысы бар әйгілі "World of Tanks" ойынын жасап шығарған Wargaming компаниясында аға дизайнер жұмысын атқарды.

Сатидің 10 жылдан астам дизайнерлік тәжірибесі бар. Ол сонымен қатар Montblanc, Dunhill, Saks Fifth Avenue және басқа да компанияларда дизайнер болып жұмыс істеді. Одан бөлек ол дизайнерлерге, веб-студияларға және әзірлеушілерге марапаттар табыстайтын халықаралық ұйым – Awwwards.com және WEBBY AWARDS-та қазылар алқасының мүшесі болып табылады.

 

  • Айгерім Қатаева – UX/UI дизайнері, бұған дейін Мәскеуде Яндекс-те өнім дизайнері болып жұмыс істеген.

Yandex-те жұмыс жасамас бұрын, Айгерім ЮНИСЕФ-тегі Инновация зертханасында веб-дизайнер және Clockster стартапында UI/UX дизайнері болып қызмет атқарды. 2018 жылы ол «Анита Борг» шәкіртақысын алып, оның көмегімен Хьюстондағы әйелдерге арналған ең ірі конференциялардың біріне – GHC 18-ге қатыса алды. Ол сонымен қатар Technovation-да тәлімгерлердің бірі болды және оның командасы Силикон алқабындағы финалда бас жүлдені жеңіп алды.

 

  • Aia Berik – Tochka Community компаниясының моушн дизайнері, аудиовизуалды суретші. Aia-ның ең танымал жұмыстарының бірі – Ғалымжан Молданазардың «Махаббатым» анимациялық клипі.

Aia «BAU Design School» (Барселона) моушн дизайны магистрі және «Istituto Marangoni» (Милан) интерьер дизайны бакалаврі болып табылады. Ол сондай-ақ Dribbble Meet Up жобасында 2019 жылы сөз сөйледі. Онда ол моушн дизайнындағы сан жылдар бойына жинаған тәжірибесімен бөлісті.

 

Наши преподаватели

Программа курса

загружаем...
Price: Бесплатно

Расскажите о курсе друзьям

Price: Бесплатно