Cтартапта команда басқару

Осы курста табысты стартап құрған қазақстандық кәсіпкерлердің кеңестерін жинадық: 1) Алмас Туякбаев – СЕО Uxstone.co компаниясының негізін қалаушы, бұрында «Zero to One Labs» студиясының және «nFactorial Incubator» жобасының негізін қалаушылардың бірі. 2) Арман Жапаров — Қазақстандағы izi ұялы байланыс операторының…
1-2 сағат

О курсе

Осы курста табысты стартап құрған қазақстандық кәсіпкерлердің кеңестерін жинадық:

  • Алмас Туякбаев – СЕО Uxstone.co деп аталатын Product Design компаниясының негізін қалаушы, оның алдында мобильді қосымшаларды әзірлеумен айналысқан «Zero to One Labs» студиясын және «nFactorial Incubator» атты жобасын негізін қалаушылардың бірі. Алмас ҚБТУ мен Carnegie Mellon University-нің түлегі, ҚБТУ мен ХАТУ-де дәріс оқыды.

 

  • Арман Жапаров - Қазақстандағы izi ұялы байланыс операторының негізін қалаушылардың бірі. Арман сауда компанияларындағы бастаушы маркетинг маманынан бастап Астанадағы жарнама компаниясының маркетинг бөлімінің бастығына дейін өсті. 2014 жылы Beeline ұжымында бола тұра, ол компанияның телекоммуникациялық және кейінірек digital өнімдерін жасап шығаруға қатысты. Кейін Еуразиялық банкте жаңа онлайн несиелеу арнасын әзірлеумен айналысқан бөлімшені басқарды. 2018 жылдың соңынан бастап, Арман 2019 жылдың маусымында іске қосылған izi жаңа цифрлық ұялы байланыс операторында жұмыс істейді. Бүгінгі күні izi — бұл ұялы байланыс операторлары нарығында барлық қызметтерді онлайн режимінде ұсынатын жалғыз ойыншы.

 

  • Александр Дорошенко – Wooppay төлем жүйесінің негізін қалаушы. Финтех-стартаптар туралы аздаған адам ойланған кезде, 2012 жылы Александр Қазақстандағы алғашқы жеке төлем жүйесін құрды. 2013-14 жылдары KZ Start және Kazakhstan Go Global республикалық стартап-конкурстарының жеңімпазы болды.  Калифорнияда (АҚШ) және Сингапурда акселерациялық бағдарламаларынан өтті. 2016 жылы Қазақстанда мобильді сауда жүйесін, Wooppay-ді іске қосты. 2015-2018 жылдары ең ірі ресейлік IIDF үдеткішінде трекер рөлін атқарды. 2018 жылы AstanaHub акселераторының әдістемесін қалыптастырып, сол жылы Wooppay Fintech компаниясын Өзбекстан нарығына шығарды.

 

  • Алексей Ли – Aviata, Ticketon және Arbuz сияқты танымал жобалардың негізін қалаушы. Ол сондай-ақ, ҚР Үкіметі жанындағы цифрландыру мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің мүшесі және белсенді азаматтық ұстанымға ие. Алексей өз жұмысы туралы, кәсіпкер және бағдарламашы ретіндегі табысты жолы туралы айтып, сонымен қатар студенттер мен мектеп оқушыларының сұрақтарына жауап берді.

Наши преподаватели

Программа курса

загружаем...
Price: Бесплатно

Расскажите о курсе друзьям

Price: Бесплатно