Қазақстандағы стартаптар

Бұл курста біз табысты стартап құрған қазақстандық 5 жас кәсіпкердің тәжірибесі мен пайдалы кеңестерін жинадық.

О курсе

Бұл курста табысты стартап құрған қазақстандық 5 жас кәсіпкердің тәжірибесі мен пайдалы кеңестерін жинадық:

  • Алексей Ли – Aviata, Ticketon және Arbuz сияқты танымал жобалардың негізін қалаушы. Ол сондай-ақ, ҚР Үкіметі жанындағы цифрландыру мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің мүшесі және белсенді азаматтық ұстанымға ие. Алексей өз жұмысы туралы, кәсіпкер және бағдарламашы ретіндегі табысты жолы туралы айтып, сонымен қатар студенттер мен мектеп оқушыларының сұрақтарына жауап берді.

 

  • Николай Щербак – Қазақстан нарығындағы тамақ жеткізу қызметтерінің арасындағы көшбасшылардың бірі, Chocofood компаниясының бас директоры. 2012 жылдың аяғынан бастап Николай жас және өршіл, бірақ ол кезде әлі онша танымал болмаған Chocofamily командасына қаржы директоры (CFO) ретінде қосылып, кейін Chocofood компаниясының директоры болды. Қазір Chocofamily – жылдық айналымы $100 миллионнан асатын Rahmet, Aviata, Lensmark, iDoctor және тағы басқа қызметтерді қамтитын Қазақстандағы электрондық коммерция нарығындағы көшбасшылардың бірі.

 

  • Давранбек Ташбаев – iDoctor жобасының негізін қалаушы. iDoctor – бұл Алматы және Қазақстанның басқа қалаларында жұмыс істейтін дәрігер іздеу мен дәрігерге жазылуға арналған онлайн-қызмет. Давранбек Лондон экономика және саясаттану мектебінде магистр дәрежесін алды.

 

  • Алёна Ткаченко – Nommi стартап-компаниясының негізін қалаушыларының бірі және бас директоры. Бұрын Алёна Procter & Gamble компаниясының қызметкері болса, бүгінде $448 000 астам қаражат тартқан сәтті жобалардың бірінде жұмыс істейді. Компанияның өніміне берілген алдын-ала тапсырыс саны 1000-нан асады. Клиенттерінің көпшілігі АҚШ және Еуропа азаматтары болып табылады.

 

  • Александр Дорошенко – Wooppay төлем жүйесінің негізін қалаушы. Финтех-стартаптар туралы аздаған адам ойланған кезде, 2012 жылы Александр Қазақстандағы алғашқы жеке төлем жүйесін құрды. 2013-14 жылдары KZ Start және Kazakhstan Go Global республикалық стартап-конкурстарының жеңімпазы болды.  Калифорнияда (АҚШ) және Сингапурда акселерациялық бағдарламаларынан өтті. 2016 жылы Қазақстанда мобильді сауда жүйесін, Wooppay-ді іске қосты. 2015-2018 жылдары ең ірі ресейлік IIDF үдеткішінде трекер рөлін атқарды. 2018 жылы AstanaHub акселераторының әдістемесін қалыптастырып, сол жылы Wooppay Fintech компаниясын Өзбекстан нарығына шығарды.

 

Наши преподаватели

Программа курса

загружаем...
Price: Бесплатно

Расскажите о курсе друзьям

Price: Бесплатно