Бақытты ата-ана – табысты бала

«Бақытты ата-ана – табысты бала» онлайн курсы ата-аналарға мектеп жасындағы балалардың жас ерекшеліктері туралы көбірек білуге және оларды оқыту мен дамытуда қалай қолдау керектігін түсінуге көмектесу үшін әзірленген.
Certificate Stepik

About this course

«Бақытты ата-ана – табысты бала» онлайн курсы ата-аналардың мектеп жасындағы балаларының жас ерекшеліктері туралы көбірек білуіне және оларды оқыту мен дамытуда қалай қолдауға болатынын түсінуіне көмектесу мақсатында әзірленген. 

Сіз онлайн курс материалдарының мазмұнымен танысып, бірқатар өзекті мәселелер туралы біле аласыз:

  • қазіргі балалардың ерекшеліктері және олардың бойында ХХІ ғасырдың маңызды дағдыларын дамытуға ата-аналардың қосатын үлесі туралы білесіз;
  • қашықтан оқу кезінде балаға қолдау көрсету тәсілдерімен танысасыз; 
  • әртүрлі жастағы балалармен жағымды қарым-қатынас орнатудағы ата-ананың рөлін қарастырасыз;
  • ата-ана ұстанымының отбасындағы ахуалға және баланың тұлғалық қалыптасуына ықпалы туралы білесіз.

Курс төрт модульден тұрады:

  1. Табысты болашақ үшін қажет дағдылар.
  2. Оқушылардың психологиялық және жас ерекшеліктері.
  3. Қашықтан оқытудың ерекшеліктері.
  4. Өзін үйінде бақытты сезінетін адам – шынайы бақытты. 

Әрбір модуль ұсынылған ақпаратты жан-жақты түсінуге мүмкіндік беретін әртүрлі материалдар мен тапсырмалар түрінде әзірленген. Сабақта қажетті ресурстарды қарастыруға және жүктеуге арналған сілтемелер ұсынылған. 

Курста оқу асинхронды форматта өтеді. Сіз компьютер, ноутбук, планшет немесе смартфон қолдана отырып, курс материалдарымен жұмыс істеу үшін өзіңізге ыңғайлы уақытты таңдай аласыз.

Курс аяқталғаннан кейін қатысушыға электронды сертификат беріледі. Сертификат алу үшін курстың әр тақырыбының материалдарын меңгеріп, ұсынылған тапсырмаларды орындау арқылы кем дегенде 11 балл жинауыңыз қажет.

Курста оқу Сіз үшін қызықты әрі тиімді болады деп сенеміз!

Meet the Instructors

Course content

loading...

Certificate

Сертификат алу үшін курстың әр тақырыбының материалдарын меңгеріп, ұсынылған тапсырмаларды орындау арқылы кем дегенде 11 балл жинауыңыз қажет.
Free

Share this course