6-СЫНЫП МАТЕМАТИКА ОҚУЛЫҒЫН МЕҢГЕРУГЕ АРНАЛҒАН курс

Бұл онлайн курс — 6-сынып математика оқулығын терең әрі жеңіл меңгеруге арналған интерактивті бағдарлама.
Курс сені мектептегі негізгі тақырыптарды жақсы түсінуге, есептерді сенімді шешуге және математикалық ойлау қабілетіңді дамытуға бағыттайды.

Бұл курста әр тақырып қадам-қадаммен түсіндіріліп, мысалдар мен…
Начальный уровень
1-2 сағат күніне

Чему вы научитесь

  • Курс соңында оқушылар:
  • Натурал, бүтін және бөлшек сандармен амалдар орындауды жетілдіреді;
  • Пайыз, пропорция, үлес және масштаб ұғымдарын өмірлік мысалдарда қолдана біледі;
  • Теңдеу мен теңсіздіктерді шешу тәсілдерін меңгереді;
  • Координаталық түзуде нүктелерді белгілеуді, сан аралықтарын және графикалық тәсілдерді пайдалана алады;
  • Есептерді шешудің логикалық, аналитикалық және практикалық жолдарын қолдана алады.

О курсе

Бұл курс — 6-сынып математикасының негізгі тарауларын жүйелі түрде меңгеруге арналған интерактивті оқу бағдарламасы.
Курстың басты мақсаты — оқушыларға математикалық ұғымдарды тек жаттап алу емес, олардың мағынасын түсініп, өмірде қолдануға үйрету.

Курс барысында оқушылар:

  • оң және теріс сандармен, рационал сандармен және оларға амалдар қолданумен танысады;

  • қатынас пен пропорцияны есептерде қолдануды үйренеді;

  • алгебралық өрнектерді түрлендіруді және теңдеулер мен теңсіздіктерді шешуді меңгереді;

  • логикалық ойлау, дәлелдеу және салыстыру дағдыларын дамытады;

  • есептерді талдау және практикалық жағдайларда математикалық модель құруды үйренеді.

Для кого этот курс

курс: 6-сынып оқушыларына — мектептегі математика пәнін тереңірек түсінгісі келетін және есеп шығаруда сенімді болғысы келетіндерге арналған; мұғалімдер мен репетиторларға — сабақ барысында немесе қосымша дайындық кезінде қолдануға ыңғайлы интерактивті құрал ретінде; ата-аналарға — баласының оқу процесін бақылап, математиканы бірге үйренуге мүмкіндік беретін көмекші материал ретінде;

Начальные требования

Бұл курсқа қатысу үшін арнайы дайындық қажет емес.
Алайда келесі білімдер мен дағдылар болса, материалды меңгеру жеңілірек болады:

  • 5-сынып математикасының негізгі тақырыптарын білу (натурал сандар, жай бөлшектер, пайыздар, геометриялық фигуралар);

  • Қарапайым есептерді шығара алу және амалдардың орындалу ретін түсіну;

  • Логикалық ойлау мен талдау қабілетін дамытуға ынта.

Наши преподаватели

Как проходит обучение

Оқыту интерактивті форматта өтеді.
Курс бөлімдер мен сабақтардан тұрады, әр сабақта:

  • Теория — түсінікті тілмен берілген қысқаша түсіндірулер мен мысалдар;

  • Визуалды материалдар — сызбалар, кестелер және бейнероликтер арқылы тақырыпты терең түсіну;

  • Интерактивті тапсырмалар — есеп шығарып, жауапты бірден тексеру мүмкіндігі;

  • Тесттер мен қорытынды жұмыстар — өз білім деңгейіңді бағалауға көмектеседі.

Программа курса

загружаем...

Что вы получаете

  • 6-сыныптың негізгі тақырыптары бойынша негізгі және терең білім (рационал сандар, теңдеулер, теңсіздіктер, пропорциялар және т.б.);
  • Теорияны тәжірибеде қолдану мүмкіндігі — тесттер, интерактивті тапсырмалар мен шағын жобалар арқылы;
  • Шешімдер форумы — сұрақ қойып, басқа оқушылармен есептерді бірге талқылау мүмкіндігі;
  • Күн сайын қолдау көрсететін тәлімгерлердің көмегі;
  • Курсты аяқтағаныңыз туралы цифрлық сертификат;
Price: Бесплатно

Расскажите о курсе друзьям

Price: Бесплатно