Функцияның туындысы

Бұл курс функцияның туындысы ұғымын, оның мағынасын, қасиеттерін және қолданылуын үйретуге арналған.Курс барысында оқушылар функцияның өзгеру заңдылығын түсініп, әртүрлі функциялардың туындысын табу ережелерін меңгереді және туындыны практикалық есептерде қолдануды үйренеді.
Начальный уровень
6-7

Чему вы научитесь

  • Бұл тарауда функцияның туындысы туралы негізгі ұғымдарды және оны табу тәсілдерін үйренесің.
  • Функцияның туындысының анықтамасын түсініп, оның мағынасын және физикалық, геометриялық мәндерін меңгересің.
  • Дифференциалдау ережелерін, туындының қасиеттерін және элементар функциялардың (дәрежелік, тригонометриялық, көрсеткіштік, логарифмдік) туындыларын табуды үйренесің.
  • Күрделі және кері функциялардың туындыларын есептеу тәсілдерін игересің.
  • Туындының геометриялық қолданылуын – жанаманың теңдеуін табуды және механикалық қолданылуын – дененің жылдамдығы мен үдеуін есептеуді үйренесің.
  • Сондай-ақ, функцияны зерттеуде туындының рөлін түсініп, функцияның өсу және кему аралықтарын, экстремумдарын анықтауды және график салуда туындыны пайдалануды меңгересің.

О курсе

Математика ғылымында функция ұғымы ерекше орын алады. Функцияларды зерттеудің негізгі құралдарының бірі – оның туындысы. 

Бұл жұмыстың мақсаты – мектеп математика курсындағы «Функцияның туындысы және оны қолдану» тақырыбын жан-жақты қарастыру. Жұмыс барысында туынды ұғымы, оны табу ережелері, элементар функциялардың туындылары, туындының геометриялық және механикалық қолданылулары, күрделі және кері функциялардың туындылары қарастырылады. Сондай-ақ туындының функцияны зерттеудегі қолданылуына ерекше тоқталып, өсу мен кему аралықтарын, экстремумдарды табу және функция графигін тұрғызудағы рөлін ашып көрсету көзделеді.
Осылайша, туынды тақырыбы мектеп математикасының маңызды тарауларының бірі болып табылады және оқушылардың логикалық ойлауын дамытуда, математикалық дүниетанымын кеңейтуде ерекше қызмет атқарады.

Для кого этот курс

Бұл курс математика пәнін тереңірек меңгергісі келетін жоғары сынып оқушыларына арналған.

Наши преподаватели

Программа курса

загружаем...

Что вы получаете

  • Функцияның туындысы тақырыбы бойынша терең және жүйелі білім алу (туындының анықтамасы, қасиеттері, есептеу тәсілдері, қолданылу жолдары);
  • Алған теориялық білімді практикада бекіту — есептер шығару, тестілер орындау және интерактивті жаттығулар арқылы;
  • Оқушылармен бірлесе талқылауға арналған арнайы форум — пікір алмасу, сұрақтар қою және шешімдерді бірге іздеу мүмкіндігі;
Price: Бесплатно

Расскажите о курсе друзьям

Price: Бесплатно