Алгебралық бөлшектер және оларға амалдар қолдану

Бұл курс математика пәнінің негізгі бөліми болып табылатын Алгебраға арналхан. Курстың басты махсаты — сіздің математикалық ойлау қабілетіңізді дамыту және болашақта күрделірек математикалық ұғымдарды меңгеруге қажетті берік білім негізін қалыптастыру.
Начальный уровень
1

Чему вы научитесь

  • • Алгебралық бөлшектердің негіздерін түсіну. Сіз алгебралық бөлшектердің анықтамасын, олардың айнымалыларының мүмкін мәндері (анықталу облысы) мен негізгі қасиеттерін білесіз.
  • • Бөлшектерді қысқарту. Ортақ көбейткіштерді тауып, алгебралық бөлшектерді дұрыс қысқартуды үйренесіз.
  • • Амалдарды орындау. Бөлімдері бірдей және әртүрлі бөлшектерді қосу, азайту, көбейту және бөлу ережелерін толық меңгересіз.
  • • Күрделі өрнектерді түрлендіру. Бірнеше амалды қамтитын күрделі алгебралық өрнектерді дәйекті түрде ықшамдауды үйренесіз.
  • • Теңдеулерді шешу. Алгебралық бөлшектері бар теңдеулерді шешудің әдістерін қолданып, олардың дұрыс шешімдерін табуды үйренесіз.

О курсе

Бұл курс математика пәнінің негізгі бөліми болып табылатын Алгебраға арналхан. Курстың басты махсаты — сіздің математикалық ойлау қабілетіңізді дамыту және болашақта күрделірек математикалық ұғымдарды меңгеруге қажетті берік білім негізін қалыптастыру.

Курс барысында:

• Сандар мен өрнектердің негізгі қасиеттерін терең меңгересіз.

• Көпмүшеліктермен және алгебралық бөлшектермен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіресіз.

• Сызықтық және квадрат теңдеулерді, сондай-ақ теңсіздіктерді шешудің әртүрлі әдістерін үйренесіз.

• функциялар туралы іргелі білім алып, олардың графиктерін салуды және талдауды үйренесіз.

Бұл білімдер мен дағдылар сизге жаратылыстану-математические бағыттағы пәндерді (физика, химия, информатика) оқуда және жоғары оқу орындарындағы мамандықтарды таңдауда үлкен көмек болады. Курс оқушыларға логикалық ойлауды, мәселені шешудің и тимімді жолдарынок табуды және математиканың күнделікти өмірдегі маңыздылығын түсінуге мүмкіндік береді.

Для кого этот курс

• 7-9 сыныптардағы жалпы білім беретін мектеп оқушылары – алгебраның негізгі ұғымдарын жүйелі түрде меңгеріп, математикалық сауаттылығын арттыру үшін. • Жоғары оқу орындарына түсуге дайындалатын талапкерлер – ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) немесе басқа емтихандарға дайындық үшін. • Математика, физика, инженерия, экономика және ақпараттық технологиялар сияқты салалардағы болашақ мамандықтарды таңдауды жоспарлаған оқушылар – бұл пәндер үшін қажетті берік математикалық негізді қалыптастыру үшін. Қысқаша айтқанда, бұл курс алгебраның негіздерін меңгеруге және оны практикада қолдануға мүдделі кез келген адамға пайдалы.

Начальные требования

Бұл тарауды сәтті меңгеру үшін сіз мынадай бастапқы білім мен дағдыларға ие болуыңыз қажет:

• Арифметикалық амалдар: Сандармен (бүтін, бөлшек) қосу, азайту, көбейту және бөлу амалдарын еркін орындай білу.

• Көпмүшеліктер: Көпмүшелік ұғымын, оларға амалдар қолдану (қосу, азайту, көбейту) ережелерін білу.

• Дәреже және оның қасиеттері: Дәреженің анықтамасы мен оның негізгі қасиеттерін қолдана білу.

• Көпмүшеліктерді көбейткіштерге жіктеу: Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару, топтау әдісін және қысқаша көбейту формулаларын пайдаланып, көпмүшеліктерді көбейткіштерге жіктей білу.

• Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер: ax+b=0 түріндегі теңдеулерді шешу дағдысын меңгеру.

Бұл талаптарды орындау сізге алгебралық бөлшектер тақырыбын одан әрі тереңдетіп оқуға берік негіз болады.

Наши преподаватели

Как проходит обучение

Бұл курста оқу процесі тиімді әрі жүйелі түрде ұйымдастырылған. Білімді толық меңгеру үшін келесі кезеңдерді қамтиды:

• Теориялық материалды меңгеру. Әр тақырыптың басында негізгі ережелер, анықтамалар мен формулалар беріледі. Сіз алдымен осы теориялық білімді мұқият оқып, түсінуіңіз керек.

• Талданған мысалдарды қарау. Теориядан кейін сол тақырыпқа қатысты әртүрлі мысалдардың шешімі көрсетіледі. Бұл сіздің теорияны тәжірибеде қалай қолдану керектігін түсінуге көмектеседі.

• Практикалық есептерді шығару. Әр тақырыптың соңында өз бетіңізше шешуге арналған есептер жинағы беріледі. Есептерді шығару арқылы сіз біліміңізді бекітіп, дағдыларыңызды қалыптастырасыз.

• Бақылау және өзін-өзі тексеру. Әр тараудан кейін өткен материалды қайталауға және білім деңгейіңізді тексеруге арналған сынақ сұрақтары мен бақылау жұмыстары ұсынылады.

Осы кезеңдердің барлығы біртұтас жүйе ретінде жұмыс істеп, материалды толық меңгеруіңізге жағдай жасайды.

Программа курса

загружаем...
Price: Бесплатно

Расскажите о курсе друзьям

Price: Бесплатно