Чему вы научитесь
- Бұл оқу сауаттылығы курсы 3–4-сынып оқушыларына арналған және олардың мәтінді түсіну, мазмұнды саралау, ой қорыту сияқты негізгі дағдыларын дамытуға бағытталған.
- Сіздер мәтінді мұқият оқып, оны түсінуді, негізгі ойды табуды, қорытынды жасауды, кейіпкерлердің көңіл күйі мен сезімін анықтауды және өз жауаптарыңызды түсіндіруді үйренесіздер.
- Сондай-ақ әртүрлі сұрақтарға жауап беруді меңгересіздер: дұрыс жауабын таңдауды қажет ететін сұрақтарға да, өз ойыңызды тұжырымдап жазуға тиісті сұрақтарға да.
- Бұл дағдылар сіздерге тек сабақта ғана емес, өмірде де қажет болады — кітаптарды, нұсқаулықтарды, ғаламтордағы мәтіндерді және тіпті айналаңыздағы адамдарды жақсырақ түсіну үшін.
О курсе
Курстың мақсаты:
3–4 сынып оқушыларына мәтінді саналы түрде оқуды, оның мағынасын түсінуді, оқығанын талдауды және халықаралық PIRLS зерттеуінің форматына сай сұрақтарға сенімді жауап беруді үйрету.
Для кого этот курс
Қазақ тілінде оқитын 3,4-сынып оқушыларына
Начальные требования
жоқ
Наши преподаватели
Как проходит обучение
Мәтінді жақсы түсініп, сұрақтарға нақты жауап беруді үйрену үшін курс тапсырмаларын үш күнде бір рет орындап отыруға тырыс. Мұндай оқу ырғағы:
-
артық күш түсірмей,
-
мәтінді мұқият әрі ойланып оқуға,
-
тапсырмаларды тиянақты орындауға,
-
оқығаныңды жақсы есте сақтауға көмектеседі.
Келесі күндері сен демалып, қайта күш жинай аласың. Ал содан кейін жаңа серпінмен оқу процесіне оралу оңай болады. Біраз уақыттан соң, тіпті ең күрделі сұрақтардың өзінен де оңайлықпен өтетініңді байқайсың!
Программа курса
Что вы получаете
- Ата-аналар үшін баласының оқу деңгейін бақылауға және қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Price:
Бесплатно