«Ойын әлемі – оқу әлемі»

Оқу пәні – қазақ тілі.
Сынып деңгейі – бастауыш (1-4 сыныптар)
Мақсат – дағды қалыптастыру, тіл дамыту, қызығушылық арттыру, ойын элементтерін қосу.
Начальный уровень
аптасына 1 сағат

Чему вы научитесь

  • 1. Сөз таптары туралы негізгі ұғымдарды меңгереді
  • Зат есім, етістік, сын есімнің мағынасын түсінеді.
  • Әр сөз табының сөйлемдегі рөлін таниды.
  • 2. Сөз таптарын ажырата біледі
  • Сөйлем ішінен зат есім, етістік, сын есімді таба алады.
  • Берілген сөзді сөз табына қарай талдай алады.
  • 3. Сөйлеу және жазу дағдылары дамиды
  • Өз ойын толық, дұрыс сөйлеммен жеткізе алады.
  • Сөздерді түрлендіріп, сөйлем құрастырады.
  • 4. Ойын арқылы тілдік білімін бекітеді
  • Ойынды оқу құралы ретінде қабылдайды.
  • Қимылды, визуалды, ауызша ойындар арқылы жаңа сөздерді жеңіл есте сақтайды.

О курсе

Курстың ерекшеліктері:

  • Балаларға қызықты интерактивті ойындармен қатар, білімді терең меңгеруге мүмкіндік береді.

  • Жас ерекшелігіне сай құрылып, ойын арқылы сөйлеу және ойлау дағдыларын дамытады.

  • Әр модуль соңында шағын рефлексия мен бекіту тапсырмалары қарастырылған.

Для кого этот курс

Бұл курс бастауыш сыныптың бастауыш сынып оқушыларына арналған. Атап айтқанда: -Қазақ тілін оқып жатқан оқушыларға (мемлекеттік тілде оқитын немесе қазақ тілі пәні бар мектептер үшін) -Сөз таптары туралы білімін ойын арқылы меңгергісі келетін балаларға (әсіресе, тіл үйренуге қызығушылығы төмен немесе ойын арқылы жақсы қабылдайтын балалар үшін) -Жас ерекшелігіне сай оқыту әдістері қажет ететін мұғалімдер мен педагогтарға (ойын технологияларын қолдану арқылы оқыту тәсілін жетілдіргісі келетіндер үшін) -Қосымша үйірмелер мен қысқа мерзімді курстар ұйымдастыратын оқу орындарына (білім беру орталықтары, тіл дамыту орталықтары т.б.)

Начальные требования

  1. Білім алушының оқу дағдысының қалыпты болуы
  2. Сөздің мағынасын түсіне білу
  3. Ата-ананың қадағалуы мен қолдауы 
  4. Ойын шарттарын түсініп, ережеге бағына білу

Наши преподаватели

Как проходит обучение

Курс құрылымы: 2 модуль

🔹 Модуль 1: Сөз таптарын ойынмен меңгересіз

  • Мақсаты: Оқушылардың сөз таптары туралы түсінігін қалыптастыру.

🔹 Модуль 2: Сөз таптарын қайталау және өмірде қолдану

  • Мақсаты: Бұл модульде оқушылар бұрын меңгерген зат есім, етістік, сын есім туралы білімдерін ойын тапсырмалары арқылы қайталайды. Сонымен қатар, сөз таптарын күнделікті өмірдегі жағдаяттарда (дүкенге бару, досымен әңгімелесу, үйдегі тіршілік т.б.) қолдануға машықтанады.

Программа курса

загружаем...

Что вы получаете

  • Оқушы сөз таптарын күнделікті өмірдегі сөйлеу кезінде дұрыс қолдана алады;
  • Өзіне таныс жағдаяттарда сөздерді іріктеп, сөйлем құрастыру дағдысы қалыптасады;
  • Тілдік қатынаста белсенділік танытады, ойын еркін жеткізеді;
  • Мектептегі оқу үлгерімі артады.
Price: Бесплатно

Расскажите о курсе друзьям

Price: Бесплатно