Чему вы научитесь
- 1.Интерактивті тапсырмалардың маңызын түсіну.
- 2.LearningApps платформасында тапсырмалар жасау.
- 3.Kahoot арқылы викториналар ұйымдастыру.
- 4.Genially көмегімен интерактивті презентациялар құру.
- 5.Wordwall платформасында ойындар мен тапсырмалар жасау.
- 6.Әр бір қосымшаны қолдану арқылы кері байланыс жүргізу
О курсе
Курстың мақсаттары:
- Интерактивті тапсырмаларды жасауға қажетті дағдыларды меңгеру.
- Оқушыларды қызықтырып, олардың білімін арттыру үшін түрлі платформаларды пайдалану.
- Интерактивті тапсырмалар мен ойындарды тиімді қолдануды үйрену.
- Оқытуды тиімді ұйымдастыру үшін түрлі ресурстар мен құралдарды біріктіру.
Неге осы курсты таңдау керек?
- Курстың материалдары қарапайым әрі түсінікті, қазақ тілінде ұсынылған.
- Әр түрлі платформаларда жұмыс істеуді үйренесіз, оларды сабақтарда қолдана аласыз.
- Практикалық тапсырмалар арқылы алған білімді бірден қолдана аласыз.
- Курстың ерекшеліктері:
- Әр модульдің соңында практикалық тапсырмалар мен тапсырмалар нәтижелерін талдау.
- Оқушыларға арналған тапсырмалар мен ойындарды әзірлеуге бағытталған нақты әдістер.
- Тапсырмаларды жасау мен оларды қолдану әдістері жайлы кеңестер беріледі.
Курста не істеу керек:
- Әр модульде ұсынылған тапсырмаларды орындау.
- Интерактивті тапсырмалар мен ойындар жасау.
- Практикалық жұмыстар арқылы алған білімді қолданып, жеке жобаларды әзірлеу.
Курстың бөлімдері мен тапсырмалары:
- Интерактивті тапсырмаларға кіріспе: Тапсырмаларды және платформаларды таныстыру.
- LearningApps платформасында тапсырма жасау: Тапсырмаларды құрастыру және баптау.
- Kahoot платформасымен викториналар жасау: Викторина жасау және талдау.
- Genially платформасында презентациялар жасау: Интерактивті слайдтар жасау.
- Wordwall платформасында ойындар мен тапсырмалар: Ойындар мен тапсырмалар құру.
- Күрделі тапсырмалар мен жобалар жасау: Әртүрлі платформаларды біріктіру арқылы жобалар әзірлеу.
Для кого этот курс
1.Мұғалімдер мен оқытушылар – Өз сабақтарын қызықты әрі интерактивті етіп өткізу үшін жаңа әдістер мен платформаларды үйренгісі келетіндер.
2.Педагогикалық мамандықтар студенттері – Оқыту процесін заманауи құралдармен тиімді ұйымдастыруды меңгергісі келетіндер.
3.Оқушыларға қосымша білім беру бойынша жұмыс істейтін тренерлер мен нұсқаушылар – Оқушылардың білімін арттыру үшін интерактивті тапсырмалар қолдануды үйренуге ниеттілер.
Начальные требования
1.Интернетке қосылу – Курстың барлық материалдары онлайн форматта болады, сондықтан тұрақты интернет байланысы қажет.
2.Құралдар мен платформаларға қолжетімділік – LearningApps, Kahoot, Genially, Wordwall сияқты платформаларға тіркелу және оларды қолдану.
Наши преподаватели
Программа курса
Что вы получаете
- 1.Жаңа дағдылар: Интерактивті тапсырмаларды жасау және оларды оқу процесіне енгізу дағдыларына ие болады.
- 2.Практикалық тәжірибе: Әртүрлі платформаларды пайдалану арқылы тәжірибе жинақтайды және жеке жобаларын әзірлей алады.
- 3.Қосымша ресурстар: Оқу процесінде қолдануға болатын көптеген интерактивті құралдар мен ресурстарды алады.
Price:
Бесплатно