Prepositions (шылаулар)

Бұл курс бастауыш сынып оқушыларына арналған және шылауларды дұрыс қолдануды үйретеді. Оқушылар заттардың орналасуын, уақытты және қозғалысты сипаттауға қажетті шылаулармен танысады. Сабақтар қарапайым және түсінікті, түрлі жаттығулар мен ойындар арқылы өтіледі.
Начальный уровень

Чему вы научитесь

  • • Заттардың қайда орналасқанын дұрыс айтып, түсіндіре білуді;
  • • Уақыт аралықтарын, күндер мен сағаттарды білдіру үшін шылауларды қолдануды;
  • • Қозғалыс бағытын сипаттау үшін әр түрлі шылауларды пайдалануды;
  • • Шылауларды сөйлемдерде дұрыс қолдану арқылы сөйлеу дағдыларын жақсартуды.

О курсе

Курстың мақсаттары:

    •    Оқушыларға қазақ және ағылшын тіліндегі негізгі шылауларды түсіндіру.
    •    Сөйлемдерді дұрыс құрастыру үшін шылауларды дұрыс қолдануды үйрету.
    •    Оқушылардың жазу қабілеттерін дамыту.
    •    Тапсырмалар мен ойындар арқылы шылауларды есте сақтауға көмектесу.

Курс құрылымы:

Курс үш негізгі модульден тұрады, әр модульде 3 сабақ қамтылған. Сабақтар заттардың орналасуын, уақытты және қозғалысты сипаттайтын шылауларды үйренуге бағытталған.

1-модуль: Орналасу шылаулары
Оқушылар “in” (ішінде), “on” (үстінде), “under” (астында), “beside” (қасында) және басқа да шылауларды үйреніп, заттардың қайда екенін дұрыс айтуға дағдыланады.

2-модуль: Уақыт шылаулары
Бұл модульде оқушылар уақытты білдіретін “in”, “on”, “at” сияқты шылауларды және “before”, “after”, “during” сияқты уақыт аралығын білдіретін шылауларды меңгереді.

3-модуль: Қозғалыс шылаулары
Модульде қозғалысты білдіретін “to”, “from”, “into”, “across”, “along” шылаулары оқытылады. Оқушылар бағыт пен қозғалысты дұрыс сипаттауға үйренеді.

Оқу форматы:

    •    Интерактивті сабақтар: Сабақтарда көрнекі суреттер, бейнематериалдар және тақырыптық ойындар қолданылады.
    •    Тапсырмалар: Әр сабақта оқушылар шылауларды қолданып, сөйлемдер құрастырады және суреттер бойынша сөйлеуге үйренеді.
    •    Ойындар: Оқушылар үшін қызықты ойындар арқылы шылауларды тез және оңай үйрену мақсат етіледі.

Бұл курс оқушыларға шылауларды оңай және қызықты тәсілдермен меңгеруге мүмкіндік береді.

Для кого этот курс

• Бастауыш сынып оқушыларына; • Шылауларды түсінуге және сөйлемдерде дұрыс қолдануды үйренгісі келетіндерге; • Ағылшын тілін жаңа бастаушыларға; • Ата-аналар мен мұғалімдерге балаларға көмек көрсету үшін.

Начальные требования

• Тілді бастапқы деңгейде білу;

• Шылауларды қызығушылықпен оқып-үйренуге дайындық;

• Тәжірибелік тапсырмаларды орындауға ынта.

Наши преподаватели

Как проходит обучение

• Оқушыларға бейнематериалдар, интерактивті жаттығулар және ойындар ұсынылады;

• Әр сабақта шылаулардың түсіндірмелері беріледі, одан кейін жаттығулар арқылы білім бекітіледі;

• Курсты өту барысында оқушылар шағын сынақтар тапсырып, өз білімдерін тексереді.

Программа курса

загружаем...

Что вы получаете

  • • Шылауларды еркін қолдану дағдылары;
  • • Қозғалыс, уақыт және заттардың орналасуын дұрыс түсіндіру қабілеті;
  • • Оқып-үйрену үдерісін қызықты ететін интерактивті ойындар мен жаттығулар;
  • • Ағылшын тілінде шылауларды дұрыс қолдану үшін берік негіз.
Price: Бесплатно

Расскажите о курсе друзьям

Price: Бесплатно