Чему вы научитесь
- - Математикалық дағдылар дамыту;
- - Мәселелерді математикалық модельдер арқылы шешу;
- - Логикалық ойлау қабілетін дамыту;
- - Әртүрлі есептерді шешудің алгоритмдік әдістерін меңгеру;
- - Цифрлық білім беру технологияларын пайдалану (GeoGebra көмегімен функциялар мен теңдеулердің графиктерін салуды үйрену, Excel арқылы есептеулерді автоматтандыру, деректерді талдау және графиктер құру, Wolfram Alpha платформасын пайдаланып, күрделі теңдеулер мен теңсіздіктерді жылдам және тиімді шешу)
- - Өмірлік және кәсіби дағдыларын қалыптастыру (Математикалық білімді экономика, инженерия, ақпараттық технологиялар сияқты салаларда қолдану, Талдау және шешім қабылдау қабілетін дамыту)
- - Коммуникация және бірлескен жұмыс дағдыларын дамыту (Математикалық нәтижелерді түсінікті түрде баяндау және түсіндіру дағдыларын қалыптастыру, Жобалар мен топтық жұмыстар арқылы өзара әрекеттесу және бірлесіп жұмыс істеу тәжірибесін жинақтау)
О курсе
Элементар математика — бұл сандар, алгебралық өрнектер, теңдеулер, геометриялық фигуралар мен олардың қасиеттері сияқты негізгі математикалық ұғымдарды оқытатын пән. Оның басты мақсаты — оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру және әртүрлі өмірлік және ғылыми мәселелерді шешу үшін қажетті базалық білім мен дағдыларды қалыптастыру.
Пәннің негізгі мақсаты:
-
Элементар математиканың негізгі мақсаттары:
- Теориялық білім беру: Негізгі математикалық түсініктерді (арифметика, алгебра, геометрия, тригонометрия) меңгерту.
- Есеп шығару дағдыларын дамыту: Жүйелі түрде талдау және есептерді тиімді шешу қабілеттерін жетілдіру.
- Логикалық және аналитикалық ойлауды қалыптастыру: Қорытынды жасау, дәлелдеу және деректерді талдау дағдыларын дамыту.
- Өмірде қолдану: Математикалық білімді күнделікті өмірде, экономикада, техникада және ғылымда қолдануды үйрету.
- Проблемаларды шешу қабілеттерін жетілдіру: Берілген тапсырмаларды жүйелі түрде шешуге үйрету және шығармашылық көзқарасты қалыптастыру.
- Кеңістіктік ойлау қабілетін дамыту: Геометрия
Элементар математика пәні оқушыларға ғылыми-техникалық сауаттылықтың негіздерін үйретіп қана қоймай, олардың болашақта жоғары математикамен немесе басқа ғылымдармен айналысуы үшін мықты база жасайды.
Пәнді оқытуда цифрлық технологияларды қолдану:
- GeoGebra: График тұрғызып, шешімдерді визуализациялау.
- Excel: Кестелер құру, деректерді талдау, функциялардың графиктерін тұрғызу.
- Wolfram Alpha: Күрделі теңдеулерді автоматты түрде шешу және тексеру.
Для кого этот курс
Бұл курс 6В01501 "Математика", 6В01502 "Математика-Информатика" білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналған
Наши преподаватели
Программа курса
Price:
Бесплатно