Молекулалық-физика

Молекулалық физика курсы – заттың молекулалық құрылымын және оның макроқасиеттерін түсінуге жол ашатын іргелі білім негізі. Бұл курс барысында студенттер молекулалардың қозғалысы, олардың арасындағы өзара әрекеттесу және заттың әртүрлі агрегаттық күйлерінің қасиеттері туралы терең түсінік алады.Курс ғылыми ойлауды…
Средний уровень
3-5 час

Чему вы научитесь

  • Курс молекулалық деңгейде өтетін физикалық процестерді түсінуге мүмкіндік береді, сондай-ақ әртүрлі жағдайлардағы молекулалардың қозғалысы мен әрекеттесуін зерттейді.
  • Молекулалардың қозғалыс заңдары мен қасиеттері (газдар мен сұйықтардағы молекулалық қозғалыс).
  • Температура мен қысымның молекулалық деңгейде қалай өзгеретінін, олардың арасындағы байланыс.
  • Газдардың күй теңдеуі және молекулалық кинетикалық теориясы.
  • Термодинамика негіздері: жылу және энергия алмасуы, жылу машиналарының жұмысы.
  • Молекулалық физиканың қолданбалы аспектілері: молекулалық деңгейдегі құбылыстарды түсіну арқылы жаңа материалдар мен технологиялар жасау, табиғаттағы физикалық процестерді болжау.
  • Курс ҰБТ-ға дайындықты тиімді жүргізуге көмектеседі, сонымен қатар болашақ физика мұғалімдеріне молекулалық физика саласындағы терең білім беру арқылы оқушыларға осы пәнді үйретуде қажетті дағдыларды қалыптастырады. Молекулалық физикадан алған білімдеріңізді күнделікті өмірде, ғылыми зерттеулерде және өндірісте қолдану үшін қажет дағдыларды дамытады.

О курсе

Курстың мақсаттары:

​​​​​​Молекулалық физика мен термодинамика саласындағы негізгі ұғымдарды түсіндіру.

 Теориялық білімді қолдану дағдыларын дамыту.

Болашақ физика мұғалімдеріне молекулалық физикадан оқыту дағдыларын қалыптастыру.

Ғылыми зерттеулер жүргізу үшін молекулалық физика мен термодинамика әдістерін қолдану мүмкіндігін арттыру.
 

Курстың артықшылықтары 

Терең білім: Молекулалық физика мен термодинамикадан терең теориялық білім алу арқылы физикаға деген қызығушылықты арттыру.

Ғылыми зерттеулер: Курс молекулалық физика мен термодинамика әдістерін ғылыми зерттеулерде қолдану үшін пайдалы.

Оқытушылық дағдылар: Болашақ физика мұғалімдеріне пәнді тиімді оқытуға қажетті дағдыларды дамытуға көмектеседі.

Не істеу керек?

Курс материалына толық назар аудару, теориялық бөлімдерді оқып, тапсырмаларды орындау.

Тапсырмалар арқылы практикалық дағдыларды дамыту.

Курстың соңында тест тапсырып, өз білім деңгейін тексеру.

Қандай тапсырмалар бар?

Теориялық тапсырмалар: Молекулалық физика мен термодинамика бойынша сұрақтарға жауап беру.

Тесттер мен квиздер: Курстың әр бөлімінен алған білімдеріңізді тексеру.

Зертханалық жұмыстар:Алған білімді практикада қолдану,физикалық құбылыстар мен заңдардың қолданылуын түсіну, ғылыми зерттеу дағдыларын дамыту.

 


 

Для кого этот курс

Физика, инженерия, химия, биология, медицина мамандықтары бойынша оқып жатқан студенттер. Молекулалық физика мен термодинамика саласында білімін кеңейткісі келетін мамандар. Ғылыми зерттеулер мен тәжірибелер жүргізуге қызығушылық танытқан барлық зерттеушілер мен инженелер үшін. ҰБТ тапсырушыларға, әсіресе физика пәнінен жоғары балл жинауды мақсат еткендерге.

Начальные требования

Талаптар:

Жалпы физика мен математиканың негізгі білімдері болуы қажет (мысалы, механика, термодинамика).

Курс материалдарын түсіну үшін жоғары мектеп деңгейінде физикадан және математикадан білімнің болуы маңызды.

Наши преподаватели

Как проходит обучение

Теориялық түсініктеме (лекция), видео-сабақтар, тест тапсырмалары одан бөлек теориялық,контексттік тапсырмалар (сәйкестендіру, орнын толтыру, т.б), зертханалық жұмыстар

Программа курса

загружаем...
Price: Бесплатно

Расскажите о курсе друзьям

Price: Бесплатно