Оқыту

Оқыту – білім беру саласындағы мәселелер мен оқыту әдістеріне арналған кіріспе курс. Курс инклюзивті білім беру, оқыту әдістемелері, мұғалімнің мәртебесі және білім беру жүйесін дамытудағы мәселелерге қатысты 5 тақырыптық бөлімнен тұрады. Курс материалдары Камила Роллан, Асель Стамбекова, NOW білім беру орталығының…

О курсе

Оқыту – білім беру саласындағы мәселелер мен оқыту әдістеріне арналған кіріспе курс. Курс инклюзивті білім беру, оқыту әдістемелері, мұғалімнің мәртебесі және білім беру жүйесін дамытудағы мәселелерге қатысты 5 тақырыптық бөлімнен тұрады. Сабақтарды ұсынылған ретпен немесе қалауыңызға қарай әр бөлімді бөлек өтуге болады. Курс материалдары Камила Роллан, Әсел Стамбекова, NOW білім беру орталығының өкілдері, Аяш Мырзабекова және Нұрмұхаммед Досыбаев сияқты спикерлеріміздің сабақтарынан жиналған. 

  • Аяш Мырзабекова – блогер-мұғалім, мұғалімдерге арналған Teachers Lab маркетплейсінің негізін қалаушылардың бірі, ауыл балаларына арналған IQanat High School of Burabay мектебінде жұмыс істейді.

Павлодар мемлекеттік университетінің шетел филологиясы кафедрасын бітірген. Магистратураны педагогика және психология бағыты бойынша оқыған. Бұған дейін Аяш Павлодар және Шымкент қалаларындағы БИЛ-де сабақ берген. Оқытушылық қызметтен бөлек Аяш мұғалімдерге арналған тренингтер өткізіп, Instagram мен Telegram-да «Проактивный Педагог» блогын жүргізеді. Аяш өз блогында оқытудың заманауи техникалары мен әдістері туралы жазып, кітаптарға шолу жасайды және мұғалімнің өмірі жайлы баяндайды.

  • Камила Роллан — University of Cambridge-дің «білім беру» мамандығы бойынша PhD кандидаты. «Білім беруді басқару: инклюзивті білім беру» мамандығы бойынша ғылым магистрі, Nazarbayev University.

2017 жылы Камила ЮНИСЕФ-тің когнитивті тестілеу бойынша зерттеуіне көмектессе, 2018-2019 жылдары ЮНИСЕФ-те инклюзивті білім беру және балалардың құқығын қорғау мәселелері бойынша ұлттық кеңесші болды. Сондай-ақ сол жылы Камила Атырау өңіріндегі қоғамдық сенім қорының сарапшы-кеңесшісі атанды. 2017 жылдан бері Americans with Disabilties Act қауымдастығының мүшесі және ADA Inclusive Education Fellowship бағдарламасының түлегі. Бағдарлама аясында Камила Миннесота университетінде «инклюзивті білім беру» мамандығы бойынша білім алды. Сейнт Энтони мектебінің арнайы білім департаментінде тағылымдамадан өтіп, астаналық тұрғындардың инклюзивті білім туралы танымын арттыруға бағытталған жобаны әзірледі.

  • NOW білім беру орталығы — 2018 жылы Алматы облысы Төңкеріс кентінде Салтанат Нуриеваның қаражатына салынған мектеп әрі білім беру орталығы. Орталықтың мақсаты және миссиясы — ауыл балаларына дамуға мүмкіндік беріп, қала балаларымен қатар бәсекеге қабілетті болуына атсалысу. Оқытушылардың негізгі контингенті — студенттер. Орталықта балалар математиканы, ағылшын және неміс тілдерін оқиды. Мұнда жақын маңдағы сегіз ауылдың балалары келеді.

NOW-дың атынан спикер болып орталықтың негізін қалаушы, сондай– ақ ККЖ(ТШО) жобасындағы бұқарамен байланыс жөніндегі үйлестіруші Салтанат Нуриева және орталықтың екі оқытушысы — Асема мен Виктория ой бөлісті. 

  • Әсел Стамбекова — педагог және білім беру ғылымдары саласындағы жас зерттеуші. Қазір Венгрияның Будапешт қаласындағы ELTE университетінде «мұғалімнің білімі» докторантура бағдарламасы бойынша білімін жетілдіруде.

Ағылшын тілінен сабақ береді, 2010 жылдан бері көшбасшылық бойынша жастар мен оқушыларға арналған онлайн білім беру бағдарламаларын жүргізеді.

Білім берудегі ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың (АКТ) интеграциясын және АКТ-нің мұғалімнің тиімділігіне әсерін зерттеумен айналысады. 2019 жылы Венгрия, Германия және Қазақстанда өткен халықаралық ғылыми конференцияларда осы тақырып бойынша өзінің пилоттық зерттеуін ұсынды.

  • Нұрмұхаммед Досыбаев — білім беру саласындағы сарапшылардың бірі.  Тараз қаласындағы БИЛ-де (бұрынғы ҚТЛ), «Достық» білім беру орталығында және Сүлеймен Демирель атындағы университетте 11 жылдық жұмыс тәжірибесі бар.

Нұрмұхаммед University of Cambridge (Ұлыбритания) түлегі. 2016 жылғы желтоқсаннан бастап 2017 жылғы қазанға дейін Шымкент қаласы өтініштер департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған. Орынбасар ретінде Нұрмұхаммед қаланың 130 мемлекеттік мектебі мен 8 мектептен тыс білім беру мекемесінің оқу-тәрбие және әдістемелік жұмысына жетекшілік етті. Қазіргі таңда ол Central Asian Garden Schools компаниясының негізін қалаушы. Central Asian Garden Schools жобаларына Астана қаласындағы Astana Garden School және №54 мектеп-лицейі сияқты мектептер енген.

Наши преподаватели

Программа курса

загружаем...
Price: Бесплатно

Расскажите о курсе друзьям

Price: Бесплатно