О курсе
Курста Дальмира Мержакупова мен Бимаржан Асатова сабақтарынан материалдар жинақталған.
Дальмира Мержакупова – Дж.Гутенберг университетінің (Германия) PhD және иммунология мен онкология саласында ғылыми қызметкер. Назарбаев Университетін «молекулалық биология» мамандығы бойынша бітірген. 2016 жылы Okinawa Institute of Science and Technology-ға (Жапония) қатерлі ісік аурулары бойынша протеин инженериясында магистратура оқуға шақыру алды.
Бимаржан Асатова — Гарвард медицина мектебінің ғылыми қызметкері, Назарбаев университетінің түлегі. Ол Max Planck Partner Group-та (UNIST, Оңтүстік Корея) индукцияланған бағаналы жасушалармен жұмыс жүргізді. Молекулалық эмбриология және генетика институтында (IMEG, Жапония) даму патологиясының генотипін зерттеді. Массачусетс технологиялық институтында (MIT, АҚШ) аналық бездің қатерлі ісігі жөнінде білім алды.