О курсе
Киберқауіпсіздік саласында қандай мамандар бар екенін, олардың немен айналысатынын және киберкриминалмен күресте технологияны қалай қолдануға болатынын біздің «Киберқауіпсіздік» курсынан біле аласыздар. Курс спикерлері – Олжас Сатиев пен Элисар Нұрмағамбетов.
Олжас Сатиев – «ақ хакер», Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының (КШТТО) басшысы. КШТТО – кибершабуылдарды тергеуге маманданған Қазақстандағы жалғыз орталық.
КШТТО банктер, мемлекеттік ұйымдар мен жеке клиенттердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Командада халықаралық (CEN, OSCP, CISA, CCNA, RHCSA) сертификаттарға ие, бүкіл әлем бойынша хакерлік хакатондарда үнемі жүлделі орын алып жүрген 25-тен астам сарапшы бар. Сондай-ақ олар интернетті киберқауіптен қашықтан қорғау және бақылау сервисі – WebTotem өнімін әзірлеген болатын. Өткен жылы Олжас Еуропаның ірі акселераторы Startup Wise Guys-те және АҚШ-тағы Global Innovation Through Science and Technology бойынша акселерация бағдарламасын өтті.
Элисар Нұрмағамбетов – америкалық Forbes Next 1000 тізімі қатысушысы және ақшаны жылыстату, терроризмді қаржыландыру мен адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі Consilienz, Inc. жүйесінің негізін қалаушылардың бірі, АҚШ.
Plug and Play техникалық орталығында жұмыс істеген. Ақшаны жылыстату және алаяқтық сияқты заңсыз транзакциялар мен қаржылық қылмыстарды, сондай-ақ адам саудасын анықтау бойынша америкалық арнайы қызметтермен, федералдық құқық қорғау органдары, ірі жаһандық банктер және жетекші консалтингтік компаниялармен ортақ жобалар жүргізген. Оның серіктестерінің арасында Dow Jones, Dun and Bradstreet, Moody's Analytics, IBM, Senzing сияқты компаниялар бар.
Элисар АҚШ үкіметімен, банктермен және Coinbase, Paxful, Gemini сияқты басқа да қаржы-технологиялық компаниялармен көптеген жобаны жүзеге асырған Адам саудасын тергеу жөніндегі коммерциялық емес ұйымның (Anti-Human Trafficking Intelligence Initiative) қамқоршылық кеңесі мүшесі.